Саясат
Президент Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі жұмыстары, негізгі бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Асхат Аймағамбетов Білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы баяндады.
Қазақстан Президенті жаңа мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен осы құжатта шешілуге тиісті міндеттер жөнінде өз ұсыныстарын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев министрге ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен тағайындау туралы нормативтік құжаттар дайындауды тапсырды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61