Экономика
Заң
«Бізде алимент төлемейтіндерді 40 күнге дейін қамауға болатын заң бар. Қазір осы мәселені зерттеп, анықтап жатырмыз. Осыдан бір жыл бұрын прокуратураның бастамасымен Сейфуллин көшесіндегі тергеу изоляторы жабылған болатын. Қазір сол ғимаратты қала меншігіне алуды қарастырып жатырмыз», - дейді Е.Әукенов.
Кездесу барысында қоғамдық кеңестің мүшелері Түрксіб ауданындағы кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығының ғимаратын алимент төлемейтіндерге арналған үйқамақ ретінде пайдалану жөнінде ұсыныс жасады. Ол іс жүзінде бос тұр. 10-15 адамға арналған. Алматы әкімінің орынбасары бұл ұсынысты қарастыруға уәде берді.