Саясат

АҚШ Өзбекстандағы реформаларды қолдайтынын мәлімдеді

Өзгеріс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құрама Штаттар президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Жон Болтон АҚШ-тың Өзбекстанда болып жатқан реформаларды қолдайтындығын мәлімдеді. Ол бұл жөнінде Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездесу кезінде айтты. 

Болтон Камиловпен болған кездесуден кейін өзінің «Twitter»: «Өзбекстан СІМ өте жақсы кездесу болды. Біз өзара әріптестікті дамыту жөнінде және кең көлемдегі бірлескен мүдделер жөнінде сөйлестік» - деп жазды. 

Жон Болтонның сөзінше, Өзбекстанда болып жатқан реформалар Орталық Азиядағы жағдайларға оң әсер етуде. Уашингтон алдағы уақытта Ташкентпен екіжақтық қарым-қатынасты одан ары тереңдетуге ниетті.  

The Qazaq Times