Weekend

Балалар Евровидениесі: Данэлия Төлешова 6 орынға ие болды

Қазақстанның жұлдызы-Данэлия Төлешова

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дауыс беру қорытындысы бойынша көрермендер мен қазылар алқасы халықаралық байқаудың жеңімпазын анықтады. 

Он екі жасар Қазақстанның жарық жұлдызы Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесінде" «Өзіңе сен» әнімен алтыншы орынға ие болды. Қазақстан алғаш рет үлкен вокалдық байқауға қатысты және бұл үлкен жеңіс. 

Қазылар алқасының бірде-бір мүшесі Данэлияға ең жоғарғы 12 баллды  бермеді. Дегенмен көрермен Данэлияның өнерін жоғары бағалады. Сөйтіп ол халықтың қолдауымен 103 ұпай алып, нәтижесінде 171 ұпаймен алтыншы орынға шықты.

215 ұпаймен бірінші орынды Польша иеленді, екінші орынды Франция-203 ұпай, үшінші орынды Австралия – 201 ұпай.

Ресей-122 ұпаймен 10-орынға шықты. Осы жылы "Балалар Евровидениесін" өткізген Беларусь елі - 114 ұпаймен 11 орынды иеленді.

Айта кетейік, Беларусь астанасында "Балалар Евровидениесі" байқауы осымен 16 рет өтті. Соңғы 15 жыл ішінде бұл байқаудың тарихында Грузиядан келген үміткерлер жиі жеңіске жететін және жоғары балл -239. Байқауда Беларусь, Ресей және Мальта қатысушылары екі рет жеңіске жеткен.

2018 жылы көрермендерге алғаш рет өз елінің қатысушысына дауыс беруге рұқсат берілді.

2018 жылғы Балалар Евровидениясы байқауының қорытындысы

1 орын, 215 ұпай-Роксана Вегель, Польша - "Anyone I Want to Be" (Кім болғым келеді)

2 орын, 203 ұпай-Ангелина, Франция - "Jamais sans toi" (Сенсіз ешқашан)

3 орын, 201 ұпай-Джаэль Уена, Австралия - "Champion" (Чемпион)

4 орын, 182 ұпай-Дарина Красновецкая, Украина - "Say Love" (Махаббат айт)

5 орын, 181 ұпай-Эла Мангон, Мальта - "Marchin' On " (Маршируя)

6 орын, 171 балл-Данэлия Тулешова, Қазақстан - "Өзіңе сен"

7 орын, 151 ұпай — Мелисса & Марко, Италия — "What Is Love" (Махаббат деген не?)

8 орын, 144 ұпай — Тамар Эдилашвили, Грузия - "Your Voice" (Сенің дауысың)

9 орын, 125 ұпай — L. E. V. O. N, Армения — "L. E. V. O. N" (Л. Е. В. О. Н)

10 орын, 122 ұпай-Анна Филипчук, - Ресей,"Unbreakable" (Непобедимы)

11 орын, 114 ұпай-Даниэль Ястремский, Беларусь - "Time" (Уақыт)

12 орын, 99 ұпай — Мария Спасовская, Македония Республикасы - "Үйлер"

13 орын, 91 балл-Макс и Энн, Нидерланды - "Samen" (Бірге)

14 орын, 81 ұпай-Ноам Дадон, Израиль - "Children Like These" (Мұндай балалар)

15 орын, 48 ұпай-Тейлор Хайнс, Ирландия - " IOU " (Мен сізге тиіспін)

16 орын, 47 ұпай — Фидан Гусейнова, Әзірбайжан - "I Wanna To Be Like You" (Мен саған ұқсағым келеді)

17 орын, 44 ұпай-Эфи Джьика, Албания - "Barbie" (Барби)

18 орын, 42 ұпай-Рита Ларанжейра, Португалия — "Gosto de Tudo-Já Não Gosto de Nada" (Маған ұнайды-маған ештеңе ұнамайды"

19 орын, 30 ұпай-Бояна Радованович, Сербия - "Svet" (Әлем)

20 орын, 29 ұпай-Манув, Уэльс - "Perta" (Адам)   

Данэлия Төлешова-Қазақстанның жұлдызы

https://youtu.be/gtx8qoE4bt8