Weekend
Шығыс Қазақстан облысында қайғылы оқиға болды
Жару жұмыстары KAZ Mineralsқа қарасты «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Артемьев шахтасында болған. Мерт болған кенші жару жұмыстарын жүргізетін «Самид» мердігер ұйымының қызметкері.
«2019 жылдың 17 шілдесінде сағат 20:00 шамасында «Samid» ЖШС шахта аумағында жару жұмыстары атқарылған. Осы кезде аталмыш мердігер ұйымның қызметкері жарылыстан зардап шегіп, қаза тапты. Оқиға орнындағы барлық жұмыстар тоқтатылды.», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу комиссиясы құрылды.