Саясат
Украина жаттығуларға "балықшылар кемесін" жіберген
Украина АҚШ-пен бірлескен әскери оқу-жаттығуларға "брондалған балық аулау қайығын" жіберді. Мұндай қорытындыға қытайдың Sohu басылымы келді.
Журналистер Қара теңізде американдық эсминецтің жанында, одан бірде-бір сипаттамасы бойынша артықшылығы жоқ украиндық артиллериялық катерді байқаған. "Украинаның басты кемесі, балық аулайтын қайығына ұқсайды. Осымен Ресейді қорқытуға тырысады ме?",- деп, басылым бұл жағдайды күлкіге айналдырған.
1-12 шілде аралығында НАТО Sea Breeze-2019 оқу-жаттығуларын өткізді. Бұл жаттығуларға 19 ел, 32 кеме және теңіз жаяу әскерлері жеке құрамының мыңға жуық әскерилері жұмылдырылды.