Саясат

«Жақсы нәрсеге тез үйренесің» Тоқаев билікке келуі жайлы айтты

Тоқаевтың сұхбаты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейлік журналист Алексей Пивоваровтың «Президент 2.0» атты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы деректі фильмі шығады. Фильмді жексенбі күні сағат 22:00 де «31 арнадан» көре аласыздар.

Деректі фильмде президент өзінің балалық шағы, Алматыдағы өмірі мен отбасы жайлы ашық айтады.

«Алғашқы күні жаңа лауазымға мүлдем көніге алмадым. Әсіресе, көпшілік жиналған іс-шараларда Қазақстан Президенті келді деген уақытта мен Нұрсұлтан Әбішұлы келді деп ойладым. Білесіз бе, бұл уақыттың еншісіндегі дүние ғана екен. Бірақ айтады ғой, жақсы нәрсеге тез үйренесін деп»,-деді Тоқаев деректі фильмде.

Алексей Владимирович Пивоваров - ресейлік журналист, медиа-менеджер, теле және радио жүргізуші, блогер. НТВ арнасындағы «Бүгін» және «Бағдарлама авторлары» жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі. «CTC Media» холдингінің продюсері және менеджері, RTVi телеарнасының бас продюсері.

holanews.kz