Саясат

Трамп : АҚШ-тың теңіз әскерлері Ормуз каналында Иранның ұшқышсыз ұшағын атып түсірді

Ұшақ кемеге 900 метр жақын келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында Америкалық әскери кеме Парсы шығанағына кіргеннен кейін көп ұзамай бір километрге жетпейтін қашықтықтан Иранның ұшқышсыз ұшағын атып тастағанын айтты деп, хабарлайды RT.COM ақпарат агенттігі.

Трамп бейсенбіде америкалық USS Boxer атты шабуылдаушы кемесі 900 метр жақын келген ирандық ұшаққа қарсы «қорғаныс әрекетін» қолданғанын және ұшақтың бірнеше рет тоқтау(өшіру) қоңырауларын елемегенін айтты.

Ұшақ «кеменің қауіпсіздігі мен кеме экипажына қауіп төндірді», - деді президент, сонымен бірге АҚШ «біздің қызметкерлерімізді, мүмкіндіктеріміз бен мүдделерін қорғауға құқылы»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде журналистерге: «бүгінгі күні ұшақты жоғалту туралы ешқандай мәлімет бермеді»,- деп мәлімдеді және әскери билік тарапынанхабар күтуде екенін айтты.

Boxer Иран революциялық гвардиясы Панама туы ілінген,12 экипажы бар MT Riahтанкерін ұстап алды деген хабар бойынша сол күні ертерек Прасы шығанағына кірген.

Ұшақ тасымалдаушы кеме USS Abraham Lincoln және оған еріп жүретін мақсатты топ соңғы екі айдан бері Иранға қарсы соғысқа дайындалып жатқан болатын. Олар әлі күнге дейін Араб теңізінде жоғалған сүңгуіршілерді іздестіру-құтқару операцияларын жүргізіп келген.

Трамп сонымен қатар, басқа елдерді «Иранды Парсы шығанағынан мұнайды тасымалдау үшін маңызды болып саналатын халықаралық тасымалдау арнасы Ормуз бөгентіндегі кеме қатынасы мен ғаламдық сауда-саттығын бұзу әрекеті үшін айыптауға» шақырды.

Сонымен қатар, Вашингтон каналда(Ормуз) шолушылықпен айналысатын«одақ»құру туралы үндеу жариялады.