Саясат
Даулы аудиожазба бойынша Махамбет Абисатовқа қатысты тексеріс жүргізілді
Абисатовтың орнына Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы болған Арыстанғани Заппаров тағайындалды.
Бұған дейін Желіде "На любой стрелке обосную" деп аталатын ролик жарияланған болатын. Оның сипаттамасында жазба Ақтөбе облысы полиция департаментіндегі жиналыста жасалғаны айтылады. Титрде жиынға қатысушылардың бірінің дауысы вице-министр Махамбет Абисатовқа тиесілі екені көрсетілген.
Ер адам қызметкерлерге қарата былапыт сөздер айтқан.
Ішкі істер министрлігінде аудиожазба бойынша орынбасарға қатысты тексеріс басталды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев фоноскопиялық және филологиялық сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын.