Саясат

Ердоған: Қажет болған жағдайда Түркия Кипрді қайтадан басып алуға дайын

Ешкім де Түрік армиясының ерлігіне күмән келтіре алмайды – Президент

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

AMN News-дің хабарлауынша, 20 шілде, сенбі күні түрік президенті Режеп Таип Ердоған: «Түрік қарулы күштері Кипр түріктерінің өмірі мен қауіпсіздігіне қажеттілік туындаса, Кипрді қайтаданбасып алуға дайын», - деп мәлімдеді. 

Мемлекеттік Анадолу агенттігі Ердоғанның сөзін келтіріп: «Бүкіл әлемнің назары бізде, ешкім де түрік армиясының ерлігіне күмән келтіре алмайды. Олар [Солтүстік] Кипрді өз отаным деп есептейді, әрі егер Кипрдегі түрік халқының қауіпсіздігі үшін қажеттілік туындаса, онда 45 жыл бұрын барған қадамын қайталаудан еш тайынбайды»,-деді.

Ердоған бұл пікірді Түрік армиясының1974 жылғы  солтүстік Кипрді жаулап алғанына 45-жыл толу байланысымен сөйлеген сөзінде білдірген болатын.

Бүгінде Кипр аралдары елдің оңтүстік және солтүстігіне бөлініп орналасқан. Аралдың солтүстік бөлігін Анкара қолдайтын үкімет басқарады.