Hi-Tech
Үйреніп алыңыз
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Қызықсыз WhatsApp хабарландыруларын қалай жылдам бұғаттауға болатыны туралы Joe.ie сайты жазады.
Біз серіктестерімізбен WhatsApp арқылы сөйлескенді ұнатқанымызбен, кейде тоқтаусыз келетін көп хабарландырулардың жүйкемізге тиетіні жасырын емес. Бұндай кезде телефон экранын аударыстырып, оған көңіл бөлмей қоюдан басқа ештеңе істей алмайсыз.
Алайда, WhatsApp-тың жаңа мүмкіндіктері адамның ығырын шығаратын бұндай хабарламаларды өткен іске айналдырмақ.
Бағдарлама қандай хабарландырулар маңызды, қандай хабарлама маңызды емес екенін анықтауға мүмкіндік беретін жаңа элементті іске қосады.
WhatsApp енді әртүрлі нұсқалары бар, әрқайсысын жеке бақылауға болатын 10 жаңа хабарландыру арналарыныңсанаттарын ұсынады.
Бұл жаңа санаттарға топтық хабарландырулар, хабарлар туралы ескертпелер, чат тарихының сақтық көшірмелері, маңызды қолданба туралы ескертулер, программадағы қателітер туралы хабарландырулар, медиа ойнату, түрге бөлінбегендер, басқа хабарландырулар, медиа жіберу және үнсіз хабарландырулар кіреді.
Осы санаттарды белгілеу үшін бар болғаны алдымен сіз келген WhatsApp хабарландыруын басып, ұстап тұрасыз, содан кейін экранның жоғарғы жағындағы барлық санат параметрлерін таңдайсыз.
Содан кейін әрбір санатты «шұғыл» (экрандық дыбыс және қалқымалы терезе), «жоғары басымдық (дыбыс)», «орташа басымдық (дыбыс жоқ)» немесе «төмен басымдық(дыбыс жоқ немесе Көрнекі қалқымалы терезе)деп белгілейсіз.
Алайда, барлығымыз бұл мүмкіндікті пайдалана алғанға дейін біраз уақыт кетуі мүмкін, себебі ол қазірге қолданбаның сынақ нұсқасына ие пайдаланушыларға ғана қол жетімді болмақ.
Бірақ бұл осы мүмкіндікті бүкіл әлемдік деңгейде пайдалануға бір қадам жақындағанынан дерек береді.