Weekend
Жылына 2,5 мыңнан астам адам қайтыс болады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҮндістанның Уттар-Прадеш штатында кем дегенде 32 адам қаза тапты деп хабарлайды RT.COM ақпарат агенттігі. Найзағай салдарынан бүкіл елдің жер-жерінде көптеген адамдар жарақаттанған. Бұл Үндістандағы ең қауіпті ауа-райы оқиғасы болып табылады. Апат жыл сайын кемінде 2500 ден астам адамның өмірін жалмайды.
Жергілікті биліктің 21-ші шілде, жексенбі күнгі мәлімдемесіне сәйкес, найзағай Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатындағы 10 қала мен ауданда кем дегенде 32 адамының өліміне алып келген. Бас министр Йоги Адиянат қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты және жергілікті әкімшілікке қаза болғандардың туыстарына өтемақы төлеуді тапсырды.
Найзағай ойнау құбылысы Үндістанда өте жиі болып тұрады, әсіресе маусым айынан қазан айына дейінгі муссон маусымында кездеседі. Іс жүзінде, Үндістанда жыл сайын кез-келген басқа да ауа райы апаттарынан, соның ішінде су тасқындары мен жылы толқындардан көп адамдар өледі. Жақында жүргізілген зерттеулер 2001 мен 2014 жылдар аралығындағы оқиғалардың 40% ауа-райының құбылыстарымен байланысты екенін көрсеткен. Сонымен бірге жылына найзағай салдарынан 2,5 мыңнан астам адам қайтыс болатыны анықталған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61