Саясат

Түркия НАТО-ны дағдарысқа ұшыратты

НАТО «қолайсыз» жағыдайда қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Американың сенімді дереккөздерінің айтуына қарағанда, Түркия Ресейдің S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алғаннан кейін, НАТО ондаған жылдардан бергі ең ауыр дағдарысқа тап болады, деп хабарлайды EXPRESS ақпараттық сайты.

Түркия – ұйымның маңызды мүшесі болып табылады. S-400 бір уақытта бірнеше нысандарды қадағалап, оларды атып түсіре алады. Вашингтон Анкараға ең озық жасырана алатын шабулшы ұшақ “F-35 найзағай II”-ні Анқараға сатудан бас тартты.

Адамдар Мәскеу техникалық кеңесшілері Түркияның жүйені қолдануына көмектесу барысында Мәскеудің F-35 жүйесі туралы ақпарат алуына мүмкіндік туындауынан алаңдады.

АҚШ армиясының бұрынғы вице-премьері, генерал Джек Кин және Дональд Трамптың қазіргі кеңесшісі Times-қа берген сұхбатында: «АҚШ-тың F-35 ұшақтарын Түркияға сатудан бас тартуы дұрыс, бірақ бұл арқылы НАТО үшін қиын мәселе туындайды. S-400 жүйесін сатып алу НАТО-ның ресейге қарсы саясатына тікелей қарсы келеді және ыңғайсыз жағыдай болды. НАТО елдерінің арасында ондаған жылдар бойы осындай шиеленіс болған жоқ»,- деді.

Кин мырза Түркияны АҚШ әуе күштерінің екі бірдей базасы орналасқан «Таяу Шығыс пен Азияға баратын жол және одақтағы ең маңызды стратегиялық ел» деп сипаттады.

Ал Түркияның президенті Реджеп Тайип Ердоған мен Владимир Путин арасындағы келісім Путин НАТО-ға нұқсан келтіргенмен бірдей деп түсіндірді дипломаттың бірі.

Бұл жағыдай Вашингтон мен Анкараның болашақ әскери ынтымақтастығы туралы алаңдаушылық тудырды.

Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы бұрынғы елшісі және Пентагонда да жұмыс істеген Ерик Едельман: «Америка-түрік қатынасты ауыр дағдарысқа тап болды және менің ойымша, оның тамыры терең әрі ұзаққа созылады деп ойлаймын. Түркия біраз уақыттан бері НАТО-дағы сенімді одақтас бола алмады, бірақ нашар одақтастарды одақтан шығару да қарастырылмаған. Түркия – толық қанды демократиялық маңызды мемлекет болып саналады, сонымен бірге, АҚШ пен НАТО үшін де күшті одақтас бола алады, болуға да тиіс»,-деді.

АҚШ Ердаған мырзаға бұл сауданың салдары туралы ескерткен болатын.

Түркия бүгінгі таңда 4 дана F-35 ұшағын сатып алды,алайда олар әлі Америкада, олар жеткізілмейтін болады. Ал қалған 96 сатудан бас тартты.

Енді Вашингтон басқа одақтастардан Түркия өндірмек болған, ұшақтарға қажетті 900 бөлікті өндіруді сұрайтын болады. Аталмыш бағдарламаның құны 600 миллион доллар (480 миллион фунт) болмақ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61