Weekend
adidas-footwears.club – алаяқ интернет-ресурс
Бірнеше күннен бері WhatsApp мессенджері Adidas компаниясының өзінің 95 жылдық мерейтойына орай 3000 аяқ киім мен 1800 футболканы тегін беретіні жайлы ақпарат көрсетілген сілтемемен толып қалды.
2018 жылдың ақпан айында көрші Ресейде тараған бұл жалған ақпарат біздің елімізде енді тарап жатыр. Интернет-ресурстарда бұл ақпараттың өтірік екендігі және қауіптілігі жайлы хабарландырылғанына қарамастан, бұл ақпарат әлі де таратылуда. Бұл жайында компанияның ресми https://www.adidas.com/ сайтында ешқандай ақпарат жоқ. Сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісіндегі @adidasoriginals парақшасында да көрсетілмеген.
Adidas спроттық аяқ киімдерді 1925 жылдан бастап шығарып, бүгінгі бағытын сол сәтте таңдаған болатын. Яғни, сілтемеде көрсетілген 95 жылдық мерейтой дегені де күмән тудырады. Иә, ағайынды Адольф пен Рудольф Дасслер негізін қалап, алғашқы сәттен бастап-ақ тұтынушылардың жүрегінен орын алып, бүкіл әлемге тараған бұл сапалы брендке қызығушылар көп-ақ. Әйтсе де, кроссовки мен футболкаға қол жеткіземін деп әлеуметтік желі арқылы алаяқтардың құрбаны боп қалу ықтималдығы жоғары екенін ескерсеңіз!