Саясат

Борис Джонсон Британияның жаңа премьер - министрі атанады

Онымен қоса, ол консерваторлар партиясының төрағасы болып сайланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Британдық Консервативтік партияның жаңа басшысы болып Борис Джонсон сайланды. Шешуші дауыс беру барысында ол өзінің басты қарсыласы, сыртқы істер министрі Джереми Ханттан басым түсті. Бұл дегеніміз, сәрсенбі күні Борис Джонсон Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болып жарияланады деген сөз.

Ол бұл лауазымда Тереза Мэйді ауыстыратын болады.

Ақпарат бойынша, Борис Джонсон 92153 дауыс жинаса, Джереми Хант 46656 дауыс жинаған. Борис Джонсон сайлау алдынан бұрын, сөзсіз фаворит саналған болатын.

Айта кетейік, бұл сайлау бірнеше кезеңнен құралған еді.