Экономика
Осы аптадан бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасы басталды. 2 пайыздық несиемен үйлі болудың жолына асықсаңыз, бір апта ішінде керек құжаттарыңызды әзірлеп, жергілікті әкімшілікке барыңыз. Ол үшін не істеу керек?
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Осы аптадан бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасы басталды. 2 пайыздық несиемен үйлі болудың жолына асықсаңыз, бір апта ішінде керек құжаттарыңызды әзірлеп, жергілікті әкімшілікке барыңыз. Ол үшін не істеу керек?
Бірден айтайық, бағдарламаға барлық отбасы қатыса алмайды. Арнайы категорияға енсеңіз, шартты орындап, үйлі болыңыз.Сонымен егер 4 және одан да көп балаңыз бар, яғни балаларыңыз 18 жастан аспаған болса, кәмелетке толмаған балалары бар, бірақ толық емес отбасы болсаңыз, отбасыңызда мүмкіндігі шектеулі балаңыз болса «Бақытты отбасы» бағдарламасының бірінші талабын орындадым дей беріңіз.
Үйлі болу үшін ақшаңыз болуы керектігін өзіңіз де жақсы түсінесіз. Бастапқы жарнаға төлейтін 1 миллион теңгеңіз болса, 10 млн теңгенің үйін жоспарлай беріңіз. Әрине, 6 млн. теңгенің баспанасына қызықсаңыз, 600 мың теңге қолыңызда тұрсын. Бұл екінші қадам.
Ең бастысы, үй кезегінде тұруыңыз керек. Себебі тек сіз ғана емес Қызылордада қаншама отбасы осы бағдарламаға көз салып отырғаның ескерсеңіз, құжаттарды реттеуіңіз керек. Керекті құжаттардың тізімін https://hcsbk.kz/the-program-of-development…/bakytty-otbasy/ мына сілтемеге өтсеңіз, түсінесіз.
Ал, мына ақпаратқа ерекше көз салыңыз. Екінші деңгейлі банктердегі, онлайн, заем алып, қара тізімге ілінсеңіз, үйлі болуыңыз екіталай. Егер де банк тарапынан қара тізімге ілініп, алайда несиеңізді толық жапсаңыз, бағдарламаға қатыса аласыз.
Тағы бір айтарлығы, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасының жәрдемақысы табыс көзі болып есептелмейді. Көбісі солай ойлап жүр.
Қанша төлеймін? Бұл үй алып болғаннан кейінгі қадам. Егер сіз 8 млн.теңгенің үйін алуға бекіндіңіз. Алғашқы жарнаңыздың 10 пайызын, яғни 800 мың теңгесін төлейсіз. Жылдық 2 пайыз мөлшерінде 42133 теңге қаражатты ай сайын төлем ретінде саласыз.
Табысыма әсер етеді ме? Сөзсіз, егер 4 балаңызбен әйеліңіз яғни отбасыңда 6 адам болсаңыз, 6*42500=255 000 теңгеден табысыңыз аспауы керек. Артық болса, үй алуға мүмкіндік жоқ дей беріңіз.
Үйді қалай сатып алуға болады?
1.Ең алдымен, әкімдікте кезекте тұру қажет. Ол үшін әкімдікке барып, кезекке тұрып, отбасы мәртебесін растайтын құжат алу керек.
2.Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт бекіту. Оны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез келген бөлімшесінен алуға болады.
3. Бастапқы жарнаны аудару. Ең төменгі бастапқы жарна заем сомасының 10 пайызына тең.
4.Төлем қабілеттілігін бағалаудан өту. Банк төлем қабілетін анықтайды.
5. Тұрғын үй таңдау. Бұл кезеңде тұрғын үй іздеп, кез келген бағалау ұйымы арқылы таңдалған баспананы бағалап, сатушыдан тұрғын үйдің құқық белгілеуші құжаттарының көшірмелерін алу қажет.
6. Рәсімделетін заемды мақұлдау кезеңі. Ол үшін Сізге жылжымайтын мүліктің бағалау бөлімшесіне келіп, заем белгілеуші құжаттардың көшірмелерімен банк бөлімшесіне келіп, заем рәсімдеуге және Сіз таңдаған үйдің кепілі бойынша мақұлдап алу керек.
7. Сатушымен сатып алу-сату келісім-шартын бекіту. Мақұлданған соң сізге нотариуста сатушымен сатып алу-сату келісім-шартын бекітіп, жұбайыңыздың кепілге рұқсатын алу керек.
8. Заем алу. Банкке жылжымайтын мүліктің сатып алу-салу келісім-шартын және жұбайыңыздың кепілге рұқсатын өткізгеннен кейін банк заемы туралы келісім-шарт бекітіп, Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе нотариуста кепілді тіркеу керек. Осыдан кейін заем беріледі.
Маңыздысы, бағдарлама бойынша әлеуметтік санатқа кіретін азаматтар жаңадан салынған пәтерлер, қолданыстағы болған пәтерлер мен жеке тұрғын үйлерді ала алады. Қызылорда облысы бойынша пәтер құны 10 миллион теңгені құрауы керек. Егер үйдің бағасы 10 млн.теңгеден асса азамат артық соманы өзі төлейді.
Қысқасы, осы. Қазірден үйді таңдап, құжаттарды әзірлеңіз. Жаңа көпқабатты үйден де, жер үйден де баспана ала аласыз. Тек қам кесектен салынған үйді алғанда ойланғаңыз абзал.