Weekend
Шымкент қаласының әкімі қайтыс болған қыздың жақындарына көңіл айтты
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com"Осыдан 3 күн бұрын қаламызда қайғылы оқиға орын алды. Аулада ойнап жүріп, 3 жасар Кәусар әкесінің артынан барамын деп өздерінің көршісімен бірге әкесі отырған жаққа жүреді. Қоршауды секіріп өтпекші болып, кішкентай Кәусарды жетектеген көршісі оны қолынан түсіріп алды. Талып қалған сәбиді көріп, көршісі қорқып, кішкентай сәбиді сол жерде қалдырып кеткен. Қылмыс жасаған азаматқа қатысты іс қозғалып, қамауға алынған. Ол сөзсіз жауапқа тартылады", - деп жазды әкім.
Сондай-ақ, қала басшысы балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.
"Іс-сапардан келісімен оқиға орнына барып, мән-жайдың барлығын анықтадым. Кәусарға қатысты ешқандай зорлық жасалмаған. Кәусардың ата-анасына көңіл айттым, сындарлы сағатта бекем болуға шақырдым. Кәусардың жатқан жері жарық болып, Алла алдынан жарылқасын! Әр бала біз үшін қымбат. Сәбилеріміздің қауіпсіздігіне бәріміз жауаптымыз. Құрметті қала тұрғындары, балаларымызды сағат сайын бақылап қадағалап жүрейік! Әкімшілік және қала полициясы тиісті жұмыстарды күшейтеді. Бүгін осы мәселе бойынша арнайы жиналыс өткізіп, тапсырма беремін", - деді Ғабидолла Әбдірахымов.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61