Саясат

Атамбаев Қырғызстаннан кетіп қалды

Қырғызстанның экс-президенті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Атамбаев бүгін Мәскеуге ұшып кетті» деп мәлімдеген Қырғызстанның бұрынғы президенті штабының өкілі.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Канттағы Ресей әуе базасынан Мәскеуге ұшып кетті. Өзінің айтуынша, ол достарымен кездеспек.

«Атамбаев бүгін Мәскеуге ұшып кетті» деп мәлімдеген Қырғызстанның бұрынғы президенті штабының өкілі. Еске сала кетсек, 27 маусым күні Қырғыз Республикасының парламенті Атамбаевты экс-президент мәртебесінен және қол сұқпау құқығынан мақұрым еткен болатын. Яғни, оны енді қылмыстық жауапқа тартуға болады.

Айта кетейік, Атамбаев бес түрлі қылмысқа қатысы бар деген күдікке іліккен. Оны елдің ішкі істер министрлігі үш рет куәгер ретінде жауап алуға шақырған, бірақ бұрынғы президент оның бірде-біріне жауап бермеген.

inform.kz