Денсаулық
Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасында K-Lab зертханалық ақпараттық жүйеcі іске қосылды
«Жұмыс барысы ешқандай адами факторды қажет етпейді. Сәйкесінше, бір қағаздан екінші қағазға көшіру кезінде болатын қателіктер қазір жоқ. Нақты айтқанда, тіркелу уақыты қысқарды, зерттеуге уақыт жеткілікті. Енді біз қосымша зерттеулер жасай аламыз. Жүйе есептеулерді өзі жүргізеді. Барлық уақыттағы кез келген параметрлер бойынша түрлі есептер жасай алады. Мен өз жұмыс орнымнан анализатордың жасаған анализдерін көре аламын», - дейді облыстық аурухананың зертхана меңгерушісі Татьяна Филиппова.
Бұл жүйені қолданысқа енгізбес бұрын анализатор жұмысы бірнеше қадамға бөлінетін. Атап айтқанда, зертханашы материалды перфокартаға тіркеп, қандай көрсеткіштерді жасау керектігін нақты көрсетіп отыратын. Содан кейін ол тапсырма анализаторға өтеді. Нәтиже дайын болғаннан кейін ғана оны баспаға шығарып, перфокартаға тіркейді. Соңынан оны бланкаға жазып, ақпараттық жүйеге беретін. Ал қазір бұл қадамдар бірнеше есе қысқарды. Себебі, жүйе ешқандай артық қадамды қажет етпей, барлық көрсеткішті өзі жасай алады.
«Өтініш штрих-код арқылы болғандықтан, электронды түрде беріледі. Онда зертханада не жасалу керек екені көрсетілген. Анализаторға тапсырма берудің қажеті жоқ. Штрих-кодты оқығанда, ол не істеу керек екенін өзі біледі. Анализ аяқталғаннан кейін, дәрігер ақпаратты онлайн ала алады. Нәтиже үшін келудің қажеті жоқ. Мұның бәрі ақпараттық жүйеде көрсетіледі», - дейді зертхана басшысы.
K-Lab жүйесі пациенттердің барлық анализдерін сақтайды. Дәрігерлер науқастың ақпаратын кез келген уақытта көре алады. Егер пациент осыған дейін дәрігерге қаралып, жүйеде анализдері сақталған болса, дәрігер анализдерді салыстыра отырып қарай алады.
Т.Филиппованың айтуынша, облыстық аурухана аймақтағы K-Lab зертханалық ақпараттық жүйесін енгізіп, қолдана бастаған алғашқы медициналық мекеме.
Аталған жұмыстар «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.