Weekend

Сіз кім болсаңыз да университеттен дәріс алуға мүмкіндігіңіз бар. Білмейсіз бе?

Түпкі санамызда құрысып қалған түсініктерден құтылатын уақыт келді. Адам баласының өзі түгіл, дүниені түгел өзгертуге де қауқары бар. Бұған бүгін сіз де біз де куәгерміз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ғасырлар артқа тасталып, білім-ғылымның бүкіл жер-шарында жаңалыққа ұмтылысы, әлеуетінің шексіз дамуына алып келді. Ақпараттық технологиялар революциясында бір ғана жетістік мыңдаған мүмкіндіктің көзін ашты. Адам өмірін жеңілдендіре түсті. Ой-өріс пайым деңгейін дамыта, цензураға түспеуге ықпал жасады. Әсіресе, интернет әлемінің адамзат тарихына пайдалы да зиянды өзгеріс алып келді. Біріміз уақытымызды ұрлатып, жылтыраған экран үшін денсаулықтан айырылсақ, біріміз бизнеспен айналысып, жаңа дүниелерді игеруге, білім алуға пайдаланамыз. Демек, (менің түсінігімде) екі жағы тең түсіп отыр.

Ендігі уақытта пайдалы етіп қолданбасақ, әрмен қарай да интернет торына шырмала береміз. Жәй ғана суреттен, кино-фильмдерге дейін еркін таратуға болатындықтан, интернет қамбасы шексізденіп барады. Білім алуға пайдалданар болсақ та, уақыт өлтіріп, арзан күлкі, ойын, қызық үшін де өз қажетіңізге жарата аласыз.

Шет елдерде университеттер алғаш XV ғасырдан бой көтеріп, онда тек бай-қуаттылардың ұл-қыздары білім алғанды. Жоғары білімді болуға талпынған барша адам баласы бұл мүмкіндікке де қол жеткізді. Қазақ даласында ХХ ғасырда ғана тұңғыш бой көтерген оқу орындары бүгінде күн санап көбейіп келеді. Жаңа жүйелердің игерілуі бұл мүмкіндікті бізге тегін-ақ қол жетімді етіп отыр. Сіз белгілі бір салада білім деңгейіңізді, практикаға сай теорияны меңгергім келеді десеңізде еш қиналмайсыз. Қалай дейсіз бе?

Өзіңіз күнделікті бір сәт уақыт бөле алмасаңыз тұрмайтын интернет желілерінен «Қазақстанның ашық университеті» деп іздеуге кірісесіз. Сонымен алдыңыздан openu.kz сайт-партал бой көрсетеді. Кіре қалсаңыз, өз электронды поштаңызды тіркеп, кез-келген курс түрлеріне жазылып, дәріс аласыз. Ол не туралы, кім дәріс оқиды, қай уақытта болады дегіңіз келе ме?

Бұл курстардың негізі «100 жаңа оқулық» жобасымен әлемнің үздік оқу орындарында оқытылатын қазақ тіліне аударылған кітаптарға сүйенеді. Осыған дейін біршама кітаптарын жариялағандықтан сіз түрлі салада білім аласыз. Мысалы, «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны», «Өнер тарихы», «Төртінші индустриялық революция», «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» және тағы басқа да түрлі дәріс курстары ұсынылады. Дәрісті әдеттегідей Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарында дәріс оқитын профессор, ғылым кандидаттары оқитын болады. Қай уақытта көріп, ұғамын десеңіз де есік ашық. Ал, тек қана дәріс тыңдаумен ғана болса, дұрыс ұға алмауымызда мүмкін. Сол үшін де арнайы дәріс біткеннен соң, тапсырмалар беріліп отырады. Егер, қажет тапсаңыз, сол дәрістің электронды нұсқасын жүктеп алуыңызға да жағдай жасалған.

Сонымен қатар, бұл бағдарлама да арнайы әлемдік идеяларымен бөліскен бейнероликтер қатары «ТED» деген бөлімге топтастырылған. Яғни, түрлі ғалымдардың идеяларын дәлелдеме бейнероликтерін, бөлісуге тұрарлық ойларын тыңдап, ұғынуға болады. Білім алуға бәрі де қол жетімді. Адам дамуының шегі жоқ.