Саясат
Мәселе
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБүгін таң атқаннан бері Семей қаласында Жәкішевтің соты болды. “Жәкішевтің соты болады” деген хабарды естіген бойда халықтың бойында жылт еткен үміт пайда болды. “Босата ма, босатпай ма” деген болжаммен бұқараның есі шықты. Ақыры сот Жәкішевті босатпауға шешім шығарды. Бұған сот залындағылар түгелімен наразылық білдіріп, айқайға басты. Жәкішевтің жақтастары соттың неге босатпай қойғаның сұрап, талап етті. Ақыры судья Ермек Шымыров журналистердің ғана сұрақтарына жауап берді. Соттың мәлімдеуінше, оның 3-топтағы мүгедек екеніне қарамастан Мұхтар Жәкішевті босатуға мүлдем негіз жоқ. Себебі, Мұхтар Жәкішев 6 компанияға миллиардтаған шығын келтіріпті.
Осылайша Жәкішевтің кінәсіз екендігін дәлелдейтін 4 бірдей экспертизаны назарға алмай, денсаулығының нашарлығын көзге ілмей отырған билікке де, сотқа да халықтың өкпесі қара қазандай.
Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Жәкішев 2009 жылдың мамыр айында өзі басқаратын «Қазатомпром» компаниясының Астанадағы кеңсесінде тұтқындалды. Арада үш күн өткенде «мемлекет мүлкін жеке мақсатына пайдаланып, Қазақстанның ірі уран кен орындарынан оффшордағы фирмалардың мүддесі үшін «доля» алды» деген айып бойынша қамауға алынды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61