Саясат
Сыбыс
24 шілдеде 9 күндік демалыста болған Түркменстан президенті Гурбаноғлы Бердімұхамедовты мемлекеттік телеарналар көрсетті, - деп хабарлайды "Түркменстан хроникасы".
Жергілікті ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 15 шілдеде басталып, әлі аяқталмаған еңбек демалысына қарамастан, мемлекет басшысы "өз уақытын тиімді пайдаланатынын" көрсетті. Телеарна берген хабарда Президент бірқатар құрылыс жобаларын мақұлдап, болашақта Ашхабад қаласында салынатын Ахал велаяттың жобасын таныстырды.
Бұл - қайтыс болды деп сыбыс тарағаннан кейінгі 20 шілдеден соң Бердімұхамедовтің бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш төбе көрсетуі. Үкімет мүшелерінің демалысы әлі 15 тамызға дейін жалғасады.