Саясат

Ресей Қытайға екінші S-400 әуе қорғаныс жүйесін жеткізуді бастады

Қытай Халық-Азаттық армиясының мақсаты не?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей үкіметінің дереккөзіне сәйкес, Ресей қытай азаттық армиясының зымыран күштеріне (PLARF) қызмет етуге арналған ресейлік ұзақ қашықтыққа,  тежегіштерге негізделген әуе қорғаныс жүйесі S-400 Triumf-тің (НАТО-ның атауы бойынша: SA-21 Growler) екінші партиясын жеткізуді бастады, деп хабарлайдыThe Diplomat ақпараттық агенттігі.

«Қытайға арналған екінші кезекті S-400 жүйесіне қатысты аппараттың алғашқы партиясы тиелген көлік кемесі Балтық жағалауындағы Усть-Луга портынан теңізге жеткізілді», -

деп хабарлайды дереккөз ТАСС ақпараттық агенттігінің 24 шілдедегі ақпаратына сілтеме жасап. «Сондықтан, Түркиядағы жағыдайға ұқсас, жүйені жеткізу келісім-шарт

мерзімінен бірнеше ай бұрын басталып кетті »,- делінген хабарламада.

Дереккөздің айтуынша, S-400 жүйесінің барлығын PLARF-ке жеткізу үшін қысқа мерзім ішінде үш көлік кемесі жіберілген.

Алғашқы S-400 жүйесінің жиынтығын жеткізу 2018 жылдың мамыр айында аяқталған болатын.

Екінші S-400 жүйесін жеткізу кестесі алғаш рет осы жылдың сәуір айында аты аталмаған үкіметтік ақпарат көзі хабарлаған еді. PLARF (Қытай Халық-Азаттық армиясының зымырандық күштерінің)  мақсаты - екі S-400 полкін құру. Сатып алу жобасының құны шамамен 3 миллиард долларды құрайды.