Денсаулық
Денсаулық сақтау министрі мәлімдеме жасады
"Осы аптада біз басқа мемлекеттік органдармен бірге электронды денсаулық паспортын ресми түрде іске қостық. Әзірше пилоттық режимде кез келген адам egov.kz сайтына кіріп, өзінің төлқұжатын көре алады. Онда осы уақытқа дейін барған медициналық мекемелер, жазылған рецептілер және тағы басқа мәліметтер көрсетілген", - деді Біртанов астанадағы баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, бұған дейін барлық мәлімет әрбір мекеменің жеке базасында сақталып келген. Енді соның бәрін төлқұжатқа енгізудің арқасында ем-дом алу динамикасын бақылауға болады.
"Әзірше паспорттар сайтта орналасқан. Жақын арада осы қызметтің мобильді нұсқасы әзірленеді. Сөйтіп, әрбір адам egov.kz сайтының мобильді нұсқасына кіріп, барлық жазбаларды көре алады. Ал келесі жылдан бастап электронды денсаулық төлқұжаттары автоматты түрде жаңартылып отырады. Демек, адам емханаға барса, ол туралы жазба бірден төлқұжатқа түседі", - деп атап өтті Біртанов.