Саясат

Арыс оқиғасы: 3 науқас әлі ауруханада жатыр

Мәселе

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арыстағы жарылыстан кейін ауруханаға түскен 82 адамның 79-ы жазылып, үйге шыққан.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, осындай мәлімет айтты. 

«Арыстағы төтенше жағдай кезінде жараланғандардың басым бөлігі жазылып шықты. Қазір 3 науқас қана ауруханада жатыр. Біреуі - Алматыда, тағы біреуі - Шымкентте, үшіншісі Нұр-Сұлтан қаласында жатыр. Алматы мен Шымкенттегі екеудің жағдайы оңалып келеді. Менің ойымша, жақында жазылып шығады. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы баланың жағдайы өзгеріссіз», - деді ол. 

Ведомство басшысы қазір комада жатқан Аян Шәріпбаевты шетелдік мамандар да қарағанын айттты. «Жақында елімізге шеберлік сағатына келген шетелдік нейрохирург мамандарға да көрсеттік. Өкінішке қарай, жағдайы әлі өзгеріссіз, өте нашар деуге болады. Біздің тарапымыздан қажетті ем-шараның бәрі ұйымдастырылып жатыр», - деді министр.

ҚазАқпарат