Саясат

Өзбекстанда кәсіпкер дүкенін сүрмек болған шенеунікті тірідей жағып жіберді

Кәсіпкер бұл жағдайға амалсыздан барған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстанның Яққабақ ауданында сұмдық оқиға орын алды. Аудан басшысының орынбасары Мансұр Түймаев 20 адаммен жергілікті кәсіпкердің дүкенін сүріп тастауға келген. 

Кәсіпкер оған әлі өтемақы төленбегенін, дүкенді сүрмеулерін сұраған. Оның үстіне екі қабаттан тұратын дүкенде азық-түлік толып тұрған. Дүкен иесінің өтінішін елемеген шенеунік бульдозер жүргізушісіне дүкенді бұзуға тапсырған. Алайда бульдозер жүргізушісі бұл бұйрықты орындаудан бас тартқан. Сол сәтте шенеунік бульдозерге өзі отырып, дүкенді бұзуға кіріскен. Ашуға булығып, ашынған кәсіпкер шенеуніктің үстіне жанармай құйып, өртеп жіберген. 

Отқа оранған шенеунікті қасындағылар өшіріп үлгерген. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Кәсіпкер қамауға алынып, тергеу жұмыстары басталып кетті. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61