Саясат
Фильмде жарылыстың салдарынан халықтың бастан кешірген қиын сәттерін бейнелейді
Фильмнің сюжеті Арыс қаласындағы әскери қоймаларда болған жарылыстың салдарынан халықтың бастан кешірген қиын сәттерін бейнелейді.
Бейне-материалда ата қоныстарынан кетуге мәжбүр болған қала тұрғындары өз қайғыларымен бөлісті. Ал әскери өрт сөндірушілер апат орнында өртті қалай ауыздықтағанын, туған-туыстарын іздеп жанұшырғанын айтады.
Міне Арыстағы апаттың болғанына тура бір ай өтті. Орын алған оқиға дүйім жұртты біріктіріп, ел бірлігінің бекем екенін аңғартты.