Спорт
Хабиб Нурмагомедов боксшы Максим Дадашевтің өліміне қатысты көңіл айтты
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ресейлік боксшы Максим Дадашевтің өліміне қатысты көңіл айтты.
"Бұл жағдай – спорттың ең маңызды емес екенінің дәлелі, одан да маңызды нәрселер бар. Осындай жаңалықтарды көрген немесе естіген сәтте, мен, бір-бірімізді ұратын спортты жек көре бастаймын. Бәрі уақытша: атақ, ақша, дәреже, тіпті біздің өмірімізде, бәріміз бұл дүниеден өтеміз, ешкім қалмайды.
Ойлануға тұрарлық. Максимның туыстары мен жақындарына сабырлық тілеймін. Жақсылық жасаңыздар, Жаратушы иеміз, іс-әрекеттеріміз үшін келесі өмірде жеңілдік беріп, бізді кешірсін", - деп жазды Хабиб өзінің Instagram парақшасында.
Еске салайық, Максим Дадашев, пуэрторикалық Субриэль Матиаспен жекпе-жекке шығып, техникалық нокаутпен жеңілген болатын. Осы кездесуден кейін, жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткізілді. Ауруханада, үш күн жатқан Максим Дадашевтің жүрегі шілденің 23 күні тоқтап қалды.