Саясат
Бұл туралы БАҚ хабарлады
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Тунис президенті Беджи Каид Эс-Себси 93 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі.
Алдында, Эс-Себси денсаулығына байланысты әскери госпитальге жатқызылғаны жөнінде хабарланған болатын.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Беджи Каида Эс-Себси, соңғы ай ішінде үш рет ауруханаға жатқызылған. Маусым айында, президенттің қайтыс болғаны жөнінде ақпарат тараған, алайда, кейінірек бұл ақпарат жоққа шығарылды.
Эс-Себси 2014 жылдан бері Тунис президенті лауазымында қызмет етеді. Осыдан біраз уақыт бұрын, қараша айында өтетін президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеген болатын.