Саясат
Теңізшілер бір апта бойы тұтқында жатыр
"Сянхайлинь-8" сейнері (балық аулайтын шағын кеме) шілденің 16 -17 қараған түні басып алынған, алайда, бұл туралы бірнеше күн өткеннен кейін ғана белгілі болып отыр.
Теңізшілердің байланыс құралдарын тартып алып, Вонсан кеме айлағына жеткізген. Қайықта 15 ресейлік және екі Оңтүстік Корей азаматы болған. Олардың жабық каюталарда ұстап, күнделікті тінтіп, сұрақ-жауап алады екен. Бұл каюталардағы температура көрсеткіші - 35 градусқа дейін жетеді деген мәлімет бар. Капитан, оның көмекшісі мен кореялық азаматтарды қонақ үйге орналастырған.
КХДР-ның өкілдерінің айтуы бойынша, бұл қайық "Солтүстік Корея аумағына кіріп-шығу ережелерін бұзды" деген айыппен ұстап отыр. Ресей дипломаттары мәселені шешуге тырысып жатыр.