Саясат

Асқар Жұмағалиев: Алматы – цифрландыру саласындағы көшбасшылардың бірі

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Алматы қаласының цифрландыру жұмыстарымен танысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Министр өз сапарында жедел жәрдем станциясына, полиция және төтенше жағдайлар бөлімдеріне, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына және «Алатау» инновациялық технопаркі мен Медеу ауданындағы ХҚКО-ға барды.

Министр сондай-ақ «Ақылды қала» жобасын дамыту бойынша жаңа бағыттар мен ұсыныстарды талқылап, жиын өткізді. Аталған жиын барысында Асқар Жұмағалиев Алматы қаласының цифрландыру саласындағы көшбасшылардың бірі екенін атап өтті.

Мәселен, бүгінгі таңда мегаполистегі қоғамдық көліктердегі қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 98% құрайды және ПИК онлайн режимде жұмыс жасайды. Қала ішіндегі жүйелерді автоматтандыру жедел жәрдем көліктерінің келу уақытын орташа 11-12 минутқа және өрт сөндіру машиналарының келуін 8 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берген. Қазір қала төтенше жағдайлар туралы хабарландыру жүйесімен 100% қамтылған. Сонымен қатар тұрғындарға тиісті хабарламалар бірнеше минут ішінде келеді.

«Алматы ақырындап өмір сүру жайлылығы мен жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жүйелермен жабдықталуда. Бұл қызметті барынша ашық әрі айқын ете түседі. «Ақылды қала» компоненттерін тиімді іске асыру, азаматтармен жүргізіліп жатқан диалогтар қалалық инфрақұрылым мен экожүйенің одан әрі дамуына ықпал етеді. Алматыдағы осы жағдайды тұрақты ұстап, жүргізіліп жатқан жұмыстарға жаңа серпін беру керек», - дейді Асқар Жұмағалиев.

Сондай-ақ, жиын барысында Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполисті басқарудың басым міндеттерінің бірі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Ақылды қала» компоненттерінің қызметін одан әрі автоматтандыру екенін тілге тиек етті.