Денсаулық

Халық дәріні өз ақшасына алмайтын болады - Елжан Біртанов

Бұл жаңашылдық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың аясында жүзеге асырылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов рецепт бойынша дәрінің тегін берілетінін мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында балаларға рецепт бойынша жазып берген дәріні тегін таратуға мүмкіндік болады. Ал екі жылдан кейін бұл жаңашылдық науқастардың бәріне қатысты болады.

"Тұрмысы төмен азаматтарды сақтандыру шаралары мемлекет есебінен жүргізілетіні белгілі. Сондықтан осы санаттағы адамдар да дәрі-дәрмекті тегін алатын болады. Негізі, медициналық сақтандыру аясында дәрігердің жазып берген ем-домын тегін беру - бұл халықаралық тәжірибе", - деді Біртанов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде қазақстандықтар жалпы сомасы 300 миллиард теңгенің дәрісін рецепт бойынша дәріханадан сатып алады. Осы соманың тек үштен бір бөлігі ғана тегін беріліп келген. Ал медициналық сақтандырудың арқасында барлық дәріні ақысыз таратуға болады.

"Біз медициналық сақтандыру аясындағы жинақ есебінен рецепт бойынша жазылатын барлық дәріні тегін тарата аламыз. Былайша айтқанда, халық дәріні өз ақшасына алмайтын болады. Барлығы медициналық сақтандыру есебінен өтеледі ", - деді  Біртанов.

sputniknews.kz