Саясат
Бірнеше күн көрінбей кеткен Түркия Президенті Ердоған көпшілік алдында бой көрсетті
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТүркия президенті Реджеп Тайып Ердоған бейсенбіде осы апта бойы алғаш рет көпшілік алдында бой көрсетті, деп хабарлайды Түркияның Ahvalnews ақпарат агенттігі. Бірнеше күннен бері оның қай жерде болғандығы туралы түрлі жорамалдар айтылды. Кейбір Араб және Израиль ақпарат құралдары оның қайтыс болғаны туралы хабарлар таратып та үлгерді.
Президент Жоғарғы Соттың жаңа судьясын ұлықтау салтына қатысты. Президент әкімшілігі сондай-ақ Ердоғанның Малайзия Премьер-Министрі Махатир Мохаммадпен кездескен кездегі фотосымен бөлісті.
Осы аптада кейбір араб және израиль ахбарат құралдары бір-біріне сілтеме жасай отырып, Ердоғанның инфаркттан қайтыс болғанын және оның өлімін үкіметтің жасырып отырғанын хабарлағаннан кейін, Түркияның әлеуметтік желілерінде Ердоған туралы қауесеттер қаптап кеткен болатын.
Әлеуметтік медиа қолданушыларын бірнеше күн бойы президент шынымен қайтыс болды ма,әлдеауырып қалды ма, немесе демалыста ма деген сұрақтар мазалаған еді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61