Саясат

Пәкістанның премьер-министрі: Ешқашан ешкімге бас имейміз

АҚШ-қа көмек сұрауға барғанын да жасырмады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америка Құрама Штаттарындағы сапарына байланысты Пәкістанның премьер-министрі Имран Хан өзіне айтылған «қайыр сұрау» туралы пікірді жоққа шығарды әрі «ешқашан ешкімге бойсынбайтынын» айтып, бұл жолғы жеңісін «Әлем кубогын жеңіп алғандай болдым» деп сипаттады. Бұл туралы RT.COM  сайты хабарлайды.

Премьер-министр АҚШ-тағы үш күндік сапарын аяқтағаннан кейін еліне оралды. Сапар барысында ол Президент Дональд Трамппен кездесті. Хан сапарының  негізгі мақсаты Пәкістанның қалт-құлт етіп тұрған, әлсіз экономикасын одан әрі қолдау үшін Трамтың көрсететін көмегі туралы келіссөздер жүргізу болды. Мәселен, IMF (Халықаралық валюта қоры) жақында Пәкістан үшін 6 миллиард долларлық несие пакетін мақұлдады. Бұл қаражаттың Американың келісімінсіз берілуі мүмкін емес еді.

Пакістандықтар Исламабад әуежайында Ханды салтанатты түрде қарсы алды, бұрынғы крикет жұлдызы Имран Хан: «Мен әлем чемпионатын жеңіп алып үйге оралғандай сезімде болдым»,-деді.

Бірақ бұл сапар туралы жағымсыз пікір де жоқ емес. Оппозиция жетекшісі және Пәкістан халықтық партиясының төрағасы Билавал Бхутто Зардари осы аптаның басында Хан-ды ұлтымызды «ыңғайсыз» жағыдайда қалдырды деп айыптады, әрі оны«қайыршы» деп атады. Ол өз халқының қамын ойлаудың орнына «төрешінің әуеніне ілесіп билейді» деп мысқылдады, бірақ Хан бұл сынды елемейтінін білдірді.

Ол Пәкістанның бұрынғы үкіметін сынға алып: «ұрылар бұл елді қиын жағдайға душар етті»,-деді. және «олар жауапқа тартылатын болады»,- деп уәде берді.

Ол тағы да: «Біз ұрланған ақшаны жинап, оны халықтың игілігіне жұмсаймыз»,- деді. Әрі АҚШ-қа ақша алу үшін көмек сұрауға барғанын да жасырмады.

Имран Хан шығындарды азайту үшін АҚШ-қа жеке ұшақпен емес, коммерциялық рейспен ұшып келді. Вашингтонға сапары кезінде премьер-министр Дональд Трамппен алғашқы бетпе-бет кездесуін өткізді, осы барыста ол АҚШ президентіне Ауғанстандағы қақтығысты шешуге көмектесуге уәде берді. Хан Талибан мен Ауғанстан үкіметі арасында келіссөз диалогтар жүргізетінін айтты. Оған қайтарым ретінде Трамп Пәкістанға АҚШ-тың қауіпсіздік көмегін қалпына келтіру мүмкіндігі туралы сөйлесті. Бұл көмек өткен жылы «Пәкістан лаңкестермен ынтымақтастық жасады» деген күдікпен тоқтатылған болатын.