Weekend
Қызық ақпарат
Смайлик сөзі ағылшын тілінен аударғанда «smile» яғни күлімсіреу деген мағына береді. Қазіргі уақытта бұл сөзге қазақша балама табылмағанымен, адамдар арасында зор қолданысқа ие. Оған мысал ретінде кез-келген хабарламаны айтуымызға болады. Себебі біз күнделікті әлеуметтік желіде немесе қарапайым хабарламаны қолданған кезде, сан түрлі эмоцияларды пайдаланып жатамыз.Бұл, әрине көңіл-күйімізді өзгелерге білдірудің тиімді жолы болып табылады. Көп созбай, смайликтің тарихынна шолу жасасақ.
60-жылдар басында АҚШ-тың сақтандыру компанияларының қызметкерлері өздерінің болашақтары жайлы алаңдап, түрлі сенімсіздіктерге тап болды. Мұның бәрі олардың жұмыс өнімділігіне әсер етті. Олардың сенімділігін арттыру үшін State Mutual Life Assurance Cos of America компаниясының басшылығы дизайнер Харви Боллға қызметкерлерге шабыт пен көңілдерін көтере алатын бір белгі ойлап тап деп тапсырма берді. Және де осы белгі жұмыскерлердің жұмыс өнімділігін арттырады деп сенген болатын. Жаңа ойлдап табылған символ- сары фонда екі көзбен күлімсіреген бейне болып шықты. Ең қызығы оны ойлап табуға небәрі 10 минут уақыт жұмсалған. Сонымен 1963 жылдың желтоқсанында жасалды. Оны жасаған Харвиге болса 45 доллар ғана ақы төленді. Оған қоса американдықтар үшін қызық жәйт, смайликтерге ешқандай авторлық құқық берілмегендігі болып отыр. Демек, адамзат игілігі үшін жасалған дүние.
Сөз соңында тарихта жасалған дүниелердің барлығы қазірде қоғам игілігі үшін пайдаланылуда. Ал, сіз қоғам пайдасы үшін не істеп жатырсыз? Немесе не істей аласыз? Осы сұрақтарды өзіңізге қойып көріңізші.