Саясат
Америкада өлім жазасы қайтарылды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАҚШ-тың федеральді билігі 20 жылға жуық қолданылмай келген өлім жазасын қайтаратын болды. Бұл туралы АҚШ-тың Әділет министрлігі хабарлайды.
Құжатта айтылғандай, АҚШ генпрокуроры Уильям Барр бес "ең жауыз қылмыскердің" өлім жазасының графигін жасап шығуды бұйырған. Бұл қылмыскерлер, адам өлімі, балаларға және қарттарға көрсеткен азаптары мен зорлық әрекеттері үшін өлім жазасына кесілгендер болып табылады. "Біз жәбірленушілер мен олардың отбасылары үшін, біздің құқық жүйеміз шығарған үкімді жүзеге асыруға міндеттіміз", - деп көрсетілген бұл құжатта.
Жоспарға сәйкес, бұл үкімдер 2019 жылдың 9 желтоқсаны мен 2020 жылдың 15 қаңтары арасында орындалатын болады. Өлім жазасы арнайы дәріні енгізу арқылы жүзеге асады.
Өлім жазасына кесілген алғашқы бес адам: Дэниэль Льюис Ли, Лезмонд Митчелл, Уэсли Иру Пурки, Альфред Буржуа, Дастин Ли Хонкин.
Бұл қылмыскерлер, өздерінің барлық "апелляциялық және соттан кейінгі қорғау мүмкіндіктерін бітірген", яғни, олардың өлім жазасына кесілуіне ештеңе кедергі емес. Үкім Индиана штатында орналасқан Терре-Хот қаласының түрмесінде атқарылады. Бұдан кейінгі қылмыскерлерді де осы жаза күтіп тұр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61