Саясат
Әңгіме сол баяғы Ресей туралы
Украина Президенті Владимир Зеленский америкалық әріптесі Дональд Трампқа Ресейге жасалып жатқан қысымның сақталуы мен күшеюі барысындағы көшбасшылығы үшін алғысын білдірді. Бұл туралы Украина президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Зеленскиймен арада болған телефон байланысында Трамп: "АҚШ-тың, Украина егемендігі мен оның аумағының тұтастығын толықтай қолдайтынын" мәлімдеді. Бұдан бөлек, ол Зеленскийді "еркін және демократиялық парламент сайлауының өтуімен, сондай-ақ "Слуга народа" партиясының жеңісімен" құттықтады.