Weekend
Алдағы аптаға
ТОҚТЫ
Бұл апта өзіңізге деген сенімсіздікті жойып, сізге жүктелген міндетті атқаруға кірісіңіз. Тәуекелділік сізді жетістікке жетелейді. Алайда барлық жоспарды ақыл елегінен өткізіп отыруды ұмытпаңыз.
ТОРПАҚ
Осы апта өзіңізді жетілдіру мен білім алуға таптырмас уақыт. Бұл өзіңіз алдын аңғармаған саладағы қабілетіңізді ашуға көмектеспек. Сондай-ақ жоспарыңызда жаңа тың идеялар пайда болмақ.
ЕГІЗДЕР
Келер аптаны отбасыңызбен ағайын-туысқандарға арнаңыз. Олар сіздің тәлім-тәрбиеге толы ақыл-кеңесіңізге мұқтаж. Ал отбасымен емен-жарқын құрылған қарым-қатынас сіздің көңіл-күйіңізді ерекше көтеруге сеп болады.
ШАЯН
Алдағы апта өте жауапты да шешімі қиын жұмыстарды алудан сақтанған жөн. Бұл істердің шешімін табуға қарым-қабілетіңіз жеткенімен көп уақыт сарыптауға тура келеді.
АРЫСТАН
Бұл аптада сезімге беріліп барлық нәрсені жүрекке жақын ала бермеңіз. Барлық қиын сәттерде жақындарымызға күткен көмекті көрсете алмайтынымыз ақиқат. Ең бастысы сабырлық пен ұстамдықты жоғалтпаңыз. Бұл қасиетіңіз көпке үлгі болмақ.
БИКЕШ
Апта басы алыс сапарға шығуыңыз ықтимал. Жұлдыздар ұзақ жолға шықпас бұрын ұсақ-түйектің бәріне тыңғылықты дайындалуға кеңес береді. Сондай-ақ садақа беруді де ұмытаңыз. Бұл сіздің жолыңызды ашады.
ТАРАЗЫ
Келесі апта сіз үшін жемісті болмақ. Көптен күткен келіссөздер сәтті аяқталмақ. Қай істе болсын шешім шығаруда бір сәт жүрек үніне де құлақ асқан жөн. Бұл бұрыс шешім қабылдаудың алдын алады.
САРЫШАЯН
Алдағы апта қарбалас жұмыстармен басталмақ. Алайда сіздің тапқырлығыңыз бен еңбек сүйгіштігіңіз бұл қиындықтардан оңай алып шықпақ. Сондай-ақ жаңа бастамалар мен жобалар ұсынудан да бас тартпаңыз.
МЕРГЕН
Бұл апта жұмысыңызда кішігірім қиындықтар туындауы ықтимал. Бірақ ашуға бой алдырып сізге жақын адамдарды ренжітіп алудан сақ болыңыз. Барлық мәселе уақытында өз шешімін таппақ.
ТАУЕШКІ
Апта басында қуанышты жаңалық естисіз. Бұл сізге шығармашылық салада оң шешім шығаруыңызға септігін тигізбек. Ал апта соңында мұқтаж жандарға көмек қолын созып, сауап алу мүмкіндігі тумақ.
СУҚҰЙҒЫШ
Осы аптада тез шешім қабылдаудан сақ болған жөн. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген сондықтан барлық мәселеде отбасыңызбен ақылдасқан жөн.
БАЛЫҚТАР
Бұл аптада ойлаған жоспарыңыз сәтті орындалмақ. Алайда жетістікке қуанып тым мақтанып кетпеңіз. Бұл сізді қолыңыздан келмейтін жауапкершілікті мойныңызға алудан сақтамақ.