Саясат

Тоқаев Тунис президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Жеделхат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ас-Себси өз өмірін Тунис халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады.

ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президенттің ресми сайтының мәліметіне сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

"Президент Ас-Себси өз өмірін Тунис халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Қазақстан халқы Беджи Ас-Себсиді парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады", – делінген жеделхатта.