Weekend
Не үшін америкалықтар өздерін «пиндос» деп атайды?!
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comӘлеуметтік желілерде көбіне «Пиндостан» немесе «Пиндосия» сынды сөздерді оқып жатамыз. Егерде осы уақытқа дейін кездестірмеген болсаңыз, алдағы уақытта кездеріп қалуыңыз мүмкін. Сондықтанда біліп жүргеніңіз абзал. Ең алдымен «пиндос» сөзінің мағынасына тоқталсақ.Осы орайда таңқаларлық жәйт, «пиндос» сөзі Солтүстік Америка тұрғындары үшін қолданылған. Яғни америкалықтарды осындай атаумен атаған екен.
«Пиндос» сөзінің түп тамыры ресейліктік емес, замануи сөзге де жатпайды. Ол туралы бірнеше болжамдар бар. Кейбір деректер бойынша, бұл атау Балқан түбегінен шыққан. Себебі сол жердегі Пинд тауымен біраз байланысы бар екендігі байқалады. Пиндос дегеніміз таудың грек тіліндегі атауы екен. Негізінен пиндостар деп таулы аймақтағы адамдарды атаған. Жәй ғана тұрғындар емес, жабайы адамдарды солай деген. Орыс тілінде бұл сөз 19 ғасырда кездеседі. Бұл уақытта Қара теңіз жағалауын мекендеген жергілікті тұрғындерға дәл осы атау қолданылған болатын. Оған қоса пиндос сөзін 19 ғасыр әдебитеті ішіндегі Чехов, Куприн мен Паутовский сынды авторлар шығармаларынан кездестіре аласыз.
Алайда, 20 ғасырға келіп «пиндос» сөзін қолданатындар саны азайды. Украинаның кейбір аудандарында ғана қолданылды. Сондай-ақ мұндай атау қылмыстық ортада іс жүзінде жоқ болды. Дегенмен Югославиядан басталған АҚШ-тың посткеңестік экспансиясы сөзге жаңа өмір сыйлады. Және де операция кезінде Косованың жергілікті тұрғындары, яғни сербиялықтар америкалық және британдық бітімгерлерді «пиндос» деп атады. Осы уақытта балқандық атау ақымақ сөзіие синонимдес еді. Әрине сербиялықтар үшін америкалықтар жау еді. Сол себепті де оларды солай атаған.
Қорытындыла келе америкалықтарды жек көорушіліктен бұлай атамайтынын еске салайық. Олардың әскери саясатын және кез-келген елді өз еркіне бағындыра алатынына байланысты да осы атау қолданылады екен. Және де олар өздерін әлемнің басшылары ретінде санағандықтан, пиндос секілді түрлі атаулар айтылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61