Спорт
Ол жекпе-жектен алған жарақатынан соң көз жұмған
Жекпе-жектен алған жарақатынан соң көз жұмған Максим Дадашевтың қарсыласы Сабриэль Матиас сыйақысын алудан бас тартты.
«Маған бұл чек қажет емес. Бұл Матиастың бірінші сөзі болды», – деді пуэрторикалық боксшының өкілі Фернандо Газтамбиде.
Айта кетейік, Дадашев пен Матиас арасындағы жекпе-жек 11 раундта тоқтатылған. Ресейлік боксшы айқасты жалғастыра алмай, рингтен шыққан соң бірден ауруханаға жеткізілді. Арада үш күн өткенде көз жұмды.