Саясат
Қазақстан президенті жаңа мүмкіндіктердің ашылуына сенім білдірді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Борис Джонсонды Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің және Солтүстік Ирландияның премьер-пинистрі лауазымына сайлануымен құттықтады.
"Басқарушы Тори партиясының көшбасшысын сайлаудағы Сіздің айқын жеңісіңіз Ұлыбританияның игілігі жолында қол жеткізген таңқаларлық табыстарыңыздың және адал қызметіңіздің мойындалуын көрсетеді", – делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ұлыбританияның стратегиялық серіктестікті берік достық, өзара сенім мен түсіністік негізде дамытып отырғанын атап өтті. Қазақстан президенті екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және жаңа инвестициялық мүмкіндіктердің ашылуына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Борис Джонсонға жаңа қызметте табыс, сондай-ақ, британ халқына бақ-береке тіледі.
Бұған дейін Борис Джонсон Ұлыбританияның сыртқы істер министрі (2016-2018) және Лондон мэрі (2008 - 2016) болды.
Джонсонға дейін премьер қызметін Тереза Мэй (2013-2016) атқарған еді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61