Саясат
Оқиға Алматы облысында орын алған
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚайғылы оқиға бейсенбі Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында болған. Сағат 22:10 кезінде Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік бөліміне үйдің ауласындағы бассейнге кішкентай баланың батып кеткені туралы хабарлама түсті.
"Оқиға орнына келген Іле ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері үлкендердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туған баланың үйдің маңындағы бассейнге құлап, батып кеткенін анықтады", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін Эльмира Суханбердиеваның әріптестері мен блогерлер бұрынғы білім вице-министрінің кенже ұлы көз жұмғанын, оның бассейнге батып кеткенін хабарлаған еді.