Weekend

89 жасында тауға шыққан апа туралы білесіз бе?

Осы жасында тауға шығып рекорд орнатқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ тұрғыны Энн Лоримор 89 жасында Африка құрлығының ең биік жанартауы болып табылатын Килиманджароға шығу арқылы әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы ABC 15 телеарнасы хабарлайды.

Бұған дейін де Энн бұл шыңды бағындырған екен, алайда бірнеше ай өткеннен кейін оның рекордын бір әйел жаңартыпты. Одан соң, тағы бір ер адам ол рекордты да жаңартыпты. Сол себепті Энн Лоримор қайтадан рекорд жасағысы келіпті.

- Менің мазасызданған кезім болған, себебі мен тауға шықпай жатып, құлап қалдым. Бүйірім қатты ауырып, терең тыныс ала алмадым. Қажет мөлшерде оттегін ала алмасам, жүре алмаймын деп қорықтым, -  деп сырымен бөлісті әйел.

Алайда ойлағаны ойдағыдай орындалып, ол атағын өзіне қайтарып алды. Оның айтуынша, бұл саяхат 9 күн ішінде жүзеге асыпты.

Айта кетейік, Килиманджароның биіктігі - 5 895 метрді құрайды.