Саясат

Республикашылар Трампты Түркияға санкция салуға итермелеуде

Трамп неге алаңдаулы?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің S-400 зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін сатып алған Түркияға заңмен белгіленген міндетті санкциялар салудан әлі күнге дейін тартынуда, тіпті, 45 республикалық сенатор сейсенбі күні кезектен тыс кездесуде оны осы мәселе турасында заңға бағынуға шақырды, деп хабарлайды AL-MONITOR ақпараттық сайты.

Техас сенаторы Тед Круз “Al-Monitor”-ге кездесуде республикашылар партиясының негізгі командасы Трамппен санкцияларға қатысты «қызу пікірталас» өткізгенін айтты.

- Сенаторлар президентті федералды заңда талап етілетін бағыттан ауытқымауға шақырды, сонымен бірге Түркияны Америка Құрама Штаттарымен тарихи достықты сақтауға, орыстармен бірлесіп Түркияға және тиімсіз жолға түспеуге шақырды. Бұл сондай-ақ НАТО үшін және Америка үшін де зиянды екенін айтты, - деді Круз.

Бірақ «Вашингтон Пост» сейсенбіде Трамп НАТО-ның екі одақтасы арасындағы байланыстың одан әрі ушыға түсуіне онша қызығушылық танытпай, оның орнына ішкі мәселелерге көбірек назар аудыратынын жеткізді.

2017 жылғы санкциялар арқылы Американың қарсыластарына қарсы әрекет ету туралы заң Трамп әкімшілігінен 12 түрлі санкция ішінен бесеуін таңдауды талап еткен болатын. Бұлардың ішінде қиыншылыққа тап болған түрік экономикасына АҚШ және халықаралық ұйымдар тарапынан қарыздар беруді тоқтату, түрік банктерін, корпоративтік және атқарушы активтерін бұғаттау (тоқтату) және Анкараның валюталық операцияларын қысқарту қамтылған.

Түркияның сыртқы істер министрі Mevlut Cavusoglu сейсенбі күні берген сұхбатында  Вашингтон аталмыш санкцияларды бастаса, Анкара Түркиядағы Инжирлик әуе базасындағы АҚШ күштерін тұрғызу немесе тұрғызбау жағын қайта қарауы мүмкін деген ойын білдірді.

Трамптың Сирияға қатысты өкілі Джеймс Джеффри Осы аптаның басында Анкарада Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтер бақылауындағы АҚШ-Түркия қауіпсіздік аймағы туралы келіссөз өткізген болатын. Келіссөз барысында Түркия егер ұсынылған қауіпсіз аймақ орындалмаса, күрдтерге шабуыл жасайтынын айтып сес көрсеткен еді. Сонымен қатар, Анкара сириялық күрд шенеуніктері мен Вашингтонның аға министрі Кеннет Макензидің келіссөзбен бір уақытта кездесу өткізгеніне қарсылық білдірді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61