Саясат
Халықтың ашуына тиген не?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАуыл тұрғындарының рұқсат етілмеген митингісі әлеуметтік желілерде жарияланған. Видеода оннан астам адам елді мекен арқылы өтетін Алматы – Өскемен тас жолын жауып, көліктерді өткізбей жатыр.
Талдықорған түбіндегі Бақтыбай ауылының тұрғындары бұл әрекетімен жолды жөндеу сапасына көңілі толмайтынын жеткізді. Бірақ полицияның айтуынша, мұндай жайт бірінші рет болып отырған жоқ.
Ауыл тұрғындары автожолдың үйлердің тура қасында салынғанына наразы. Олар мұның қауіпті екенін алға тартады – мәселен, трасса маңындағы үйлерді су басуы мүмкін немесе жол апаты болса, қандай да бір жүк көлігі үйлерге бір-ақ соғылуы ықтимал.
Жергілікті билік өкілдері халықпен кездесті. Қандай шешім қабылданатыны әлі белгісіз. Полицейлер көлік қозғалысын әрең дегенде қалпына келтірген.
"Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары рұқсат етілмеген акцияның қатысушыларына заңға қайшы әрекет етуге болмайтынын түсіндіріп, адамдарды жолдан ығыстырып, көлік қозғалысын қалпына келтірді. Ауыл тұрғындарымен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де кездесіп, халықтың арыз-шағымын тыңдап, қазір елді мекеннің проблемаларын шешумен айналысып жатыр", - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.
Ведомство мәліметінше, рұқсат етілмеген акцияны ұйымдастырғандар мен белсенді қатысушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61