Саясат

Өртке оранған үй: Әкім 11 жастағы қызды өлім аузынан аман алып қалды

Оқиға түн ортасында болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданына қарасты Малоубинка ауылдық округінің әкімі 11 жастағы қызды өрттен аман алып қалды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, оқиға түн ортасында болған.

Көрші үйдің жанып жатқанын көрген ауылдық округ әкімі Сергей Сомов ауладан үй иесін жолықтырады. Ауызғы үй жанып жатқандықтан, әжей іште қалған 11 жастағы қызға көмектесе алмай тұрғанын айтады. Әкім терезені шағып кіріп, еденде ес-түссіз жатқан қызды алып шыққан. С.Сомовтың әйелі жасанды жолмен дем берген кезде ғана қыз есін жиған.

«Бала үйде ессіз жатқан. Сергей Сомов қызды қою түтін арасынан тапқан. Қызыл жалын 70 шаршы метр үйді отқа орады. Отбасы-дәрігерлік амбулаторияның қызметкерлері зардап шеккендерді Өскемен қаласына жеткізді. Қыз бала әуелі жан сақтау бөліміне жеткізілген болатын. Ал әжесі уланып, денесінің 30 пайызын күйік шалған. Қазір екеуінің де жағдайы тұрақты», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.