Саясат

Дариға Назарбаеваға ашық хат: Шенеуніктің кесірінен мүгедек болдым

Әділ шешім керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы! 

Мен судьялардың әділетсіздігінің құрбаны болған,шенеуніктің жол ережесін өрескел бұзғандығының  кесірінен қазіргі таңда  «3  топ  мүгедегі» болып қалған  Арал қаласы тұрғынымын.

Ашып айтқанда  06 ақпан 2019  жылы Қызылорда облысы Арал аудандық сотының судьясы  Н.Бекетаевпен ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігімен айыпталып сотқа берілген Куанышов Куттибай Абдыханиевичке қатысты ақтау үкімі шығарылған қылмыстық іс бойынша жәбірленушімін.

26 наурыз 2019 жылы Қызылорда облыстық сотында қаралған апелляциялық сот отырысында да Куанышов Куттибай Абдыханиевичке қатысты шығарылған ақтау үкімі күшінде қалды.

Қазіргі таңда ҚР Жоғарғы сотына кассациялық шағым түсірдім, дегенмен әділ шешім шығаратынына күмәнданамын.

Жүргізуші К.Куанышовтың кінәсі қылмыстық іс құжаттарымен, сот-медициналық, сот-автотехникалық сараптама қорытындыларымен, жәбірленуші және куәлардың жауаптарымен толық дәлелін тапқан.

Жүргізуші К.Куанышовқа ең жеңіл жаза Үкім етілседе оның қызметтік мансабына нұқсан келетін болғандықтан, яғни Арал аудандық Мәдениет Үйінің басшылығынынан шеттетілетін  болғандықтан ақтау Үкімі шығарылып отыр.Бұл ақтау үкімі заңсыз және негізсіз.

Арал аудандық сотының екінші судьясы Г. Нурымбетова жүргізуші К. Куанышовтың туысы болғандықтан ақтау Үкіміне  судья Г. Нурымбетованың ықпалы болғаны анық. Олай дейтінім, Апелляциялық сот отырысында судья А.Наримов  сот-автотехникалық сараптама қорытындыларымен келіспесе, сот сараптамалық комиссиясын неге құрмады? Сараптама қорытындыларын, сот сараптамасына қайта қарауға неге ұсынбады?

Бұл ақтау Үкімнен кейін біздің  Мемлекетімізде  қылмыскердің  жазаланбай тайраңдап жүруі қалыпты жағдай болғаны  ма деген  ой келеді.

К.Куанышовтың кінәсі қылмыстық іс құжаттарымен, сот-медициналық, сот-автотехникалық сараптама қорытындыларымен, жәбірленуші және куәлардың жауаптарымен толық дәлелін тапқан. Түсінбегенім, дәлелденген қылмыстық іске   қалайша  ақтау Үкімі шығарылады ?

Судья Н.Бекетаев пен судья А.Наримов  ақтау үкімін шығару барысында, маған қатысты жинақталған әкімшілік іс құжаттарын, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігімен «заңсыз» толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және әкімшілік жазаға тарту туралы қаулыны заңсыз негізге алды.

Маған қатысты ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігімен қабылданған қаулы Арал АПБ-нің бастығының орынбасары Ж.Карибаевтың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы қаулысымен  бұзылған болатын.

Судьялар күші жойылған хаттаманы негізге алып,Прокуратура мен Ішкі Істер бөлімінің  қызметкерлерінің тергеп, анықтаған еңбектерін жоққа шығарып, заңды өз беттерінше бұрмалап, еріктеріне салғанына қарағанда, Ата Заңымызды белден басу оларға үйреншікті жағдай сияқты.

Олай деуімнің себебі жүргізуші К.А.Куанышовтың сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында кейбір  жауаптары сот үкімінде көрсетілмей қалған.              

Сот Үкімінде нақты куәгердің жауабы емес, оқиға орнында жоқ адамның айтқан негізсіз сөзін дәлелге алып, оқиға болған күні «Ақтөбе  облысындағы ағасы телефонмен кешірім бергізген» делінген. Жүргізушінің де сот процессінде кінәсін толық мойындағаны туралы бірде-бір сөз жазылмаған. Бұл негізсіз жазылғандар Үкім емес, алып қашпа  әңгімеге көбірек ұқсайды.

Айта кететін тағы бір жағдай Үкімде судья Г. Нурымбетова жүргізуші К. Куанышовтың туысы екені  дәлелденбеді деп жазылған.Алайда апелляциялық сот процесінде судья Г.Нурымбетова туысым екені рас бірақ бұл іске араласпады деп мойындады,бірақ бұл сөздерде Үкімде көрсетілмеген.

Қазіргі уақытта Еуропалық парламенттің Президентіне,Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысына, ЕП делегациясының жетекшісіне өтініш хат жолдадым.

Жоғарғы сотта Үкімді күшінде қалдырса  Халықаралық сотқа. Еуропалық сотқа шағым түсіруге мәжбүрмін.

Жоғарыдағыларды ескеріп:

Жүргізуші К.А.Куанышовтың әрекетінде ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің жоқтығы туралы  Қызылорда облысы Арал аудандық сотының 06.02.2019 жылғы ақтау жөніндегі Үкімінің және Қызылорда облыстық сотының  қылмыстық істер жөніндегісот алқасының 26 наурыз 2019 жылғы № 1а -46 санды Қаулысының күштерін жойылынуына, жаңадан шешім шығаруға, менің уәждерімді мұқият зерделеп, ақ-қарасын анықталуына, әділ шешім шығаруларына  ықпал жасауыңызды сұраймын.

Құрметпен, Ақнұр Тукешова

Жас Алаш