27-29 шілде күндері Елордада грэпплингтен Халықаралық «Asia Open» турнирі өтіп жатыр.
Бұл бәсекеде қазақстандықтармен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Үндістан елінен келген 400-ге жуық спортшылар бақ сынауда.
Халықаралық турнирде 70 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Жансая Мұрат чемпион атанып, алдағы уақытта өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.