Саясат

Вице-президент лауазымына кандидатқа шабуыл жасалды

Салдарынан кем дегенде екі адам қаза тауып, 25-і жараланған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жексенбі күні Ауғанстан вице-президенті лауазымына кандидат Амрулла Салех басқаратын Green Trend саяси қозғалысының кеңсесіне шабуыл жасалған. 

Салдарынан кем дегенде екі адам қаза тауып, 25-і жараланған. Бұл туралы Reuters шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады. Жарылыс жекеменшік университет маңында болған, артынша содырлар оқу орнына баса-көктей кіріп, осы ғимаратқа жапсарлас Green Trend кеңсесіне оқ жаудырған. 

Салех жараланған. Шенеуніктердің бірі күзетшілер қоршауындағы оң қолына қан жұққан вице-президенттікке кандидаттың фотосын көрсетті. Бұдан бұрын TOLOnews телеарнасы жергілікті уақытпен 16:40-та төрт адам шабуыл жасағандығын хабарлаған болатын. ІІМ атап өтуінше, Салех зардап шекпеген және осы ауданнан басқа жаққа кеткен.